Қостанай облысында төтенше жағдай: Жеті адам үйінді астында қалды

Қостанайда үй опырылып, жеті адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды 'Наша газета' басылымы.

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін, 11 желтоқсан күні сағат 12:36 шамасында Амангелді тұрғын алабындағы мекен жайда болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып құлаған. Шамамен 7 адам үйінді астында қалды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, облыс әкімі де сол жерде.

Оқиға орнында жедел штаб құрылады.