Қостанай облысында психиатриялық диспансерден екі науқас қашып кетті

Қостанай ауданының Жамбыл ауылында 17 шілде күні сағат 09:00-де қашқын науқастар өзен жағасынан табылды.

Алматы, NEGE. Психиатриалық орталықтан екі науқастың қашқаны туралы ақпарат, алдымен әлеуметтік желіде тарады.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, барлық полиция жасақтары іздеу жұмысына жұмылдырылды.

Науқастар 17 шілдеде сағат 09:00-де Қостанай ауданының Жамбыл ауылынан табылды. Олардың өзен жағасында болғандығы айтылады.

Сонымен қатар полиция мессенджерлерде науқастардың ауыр қылмыс жасағаны туралы тараған ақпараттың жалған екенін атап өтті.