Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты
Полицейлер 'Қостанай-Әулиекөл-Сұрған' тасжолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қостанай, NEGE. "Түнгі сағат бір шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының 134-ші шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядан.
Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
"Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты", - деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде облыстың тасжолдарында патрульдеу күшейтілді.