Қостанай облысында аю тістеп алған қыз жасанды комада жатыр

Аюдың тосын мінезінен зардап шеккен қыз жасанды комада жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, қыздың жағдайына байланысты дәрігерлер кеңейтілген кеңес өткізген.

"Консультацияны тамыр хирургтарының қатысуымен және бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматологы Болат Нағиманов жүргізілді. Қосымша емдеу жолдары ұсынылды. Қыз жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдетумен жасанды комада жатыр" ,- деп хабарлады басқарма.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады