Қостанай қаласының әкімі отставкаға кетуі мүмкін

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов орынбасарының тергеуге алынуына байланысты қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Алматы, NEGE. Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің бірқатар лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Олар дүкен құрылысы мен ғимараттың сәулет-жоспарлау жобасына рұқсат беру үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеуге алынған Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк теріс қылықтарына байланысты мемлекеттік қызметтен босатылды.

- Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда күнтізбелік он күн ішінде қала әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуге мәжбүр болады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім бөлімінің бастығы Цымбалюк те қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді