Қосшыда жанып жатқан пәтер тұрғындары балконнан арқанмен түскен

Қосшы қаласында полицейлер жергілікті тұрғындармен бірге отқа оранған пәтерден 6 адамды алып шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, 15 шілдеде сағат 22:14-те Қосшы қаласының полиция бөліміне «Нұрай» көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Отқа оранған үйде 6 адам қалды, үшеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар. Олар баспалдақпен түсе алмаған. От дәлізге дейін тарап, кіреберісті көк түтін басқан.

Оқиға орнына барған полицейлер жергілікті тұрғындармен бірге барлық адамды құтқарды. Олар алдымен 5-қабаттан арқан түсірген. Соның көмегімен 3, 10, 11 жастағы балаларды, 18 жастағы қызды, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адамды 3-қабаттағы балкон арқылы алып шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер де барды. Бірақ бірден кіре алмады.

Пәтерде қамалып қалған отбасы ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмектің қажеті болмады.

Қазір 3 кіреберістің тұрғындары толық эвакуацияланды. 10 адам қонақ үйге орналасты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады