Қосшы қаласында шу шықты

Бүгін Қосшыда шу шықты. Жергілікті жұрт жолға жиналып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы, NEGE. Елордадан 3 шақырымда орналасқан Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының тұрғындары амалымыз таусылғаннан көмек сұрап көшеге шықтық дейді. Олар 4-5 жылдан бері ақысы төленіп қойған баспаналарына бас сұға алмай жүргенін айтады.

Жергілікті билік бұл мәселеден хабардар. Қазір істің тергеліп жатқанын алға тартты. Мансапқа жақында келдім деген әкім, ақ-қараны анықтауға тырысамын деп ашулы жұртқа басу айтты. 

Сағызша созылған құрылыс мәселесі қашан аяқталары белгісіз. Тіпті кей пәтерлер қайта сатылымға қойылған. Яғни бір пәтердің екі иесі бар. Екеуі де ақша салған. Тұрғындар құрылыс компаниясының иесі әлі күнге пәтер сатып жұмыс істеп жүргенін айтады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды