Қоспаевтың «блатной» көлігі сатылып жатыр

Елдос Қоспаевтың 62,5 млн теңгеге бағаланған Rolls-Royce Ghost Family автокөлігі аукционға шығарылды. 

e-qazyna

Астана, NEGE. Бұл көліктің «блатной» нөмірі бар: 007VIP07. 

Бұған дейін аукционға Елдос Қоспаев пен оның отбасы мүшелеріне тиесілі өзге да қымбат көліктер қойылған. Олардың қатарында жасыл түсті Land Rover Range Rover, ақ түсті Toyota Land Cruiser 200, көк түсті Land Rover Range Rover Sport және 2020 жылы шыққан ақ түсті Mercedes-Benz AMG G 63 бар.

Ағайынды Қоспаевтар мен олардың бандасы ұзақ жылдар бойы Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кәсіпкерлердің қорқынышты түсіне айналған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, компаниялардағы үлестерін иемденіп, заңсыз бизнеспен айналысқан. 

Сот Елдос Қоспаевты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оның ағалары Айдос пен Айбек 12 жылға сотталды. Қалған қатысушыларға 9 жылдан 12 жылға дейін жаза тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған