Косметика – бактериялардың ұясы

Он косметикалық заттың тоғызы және макияж жасайтын құралдар өлім тудыратын микробтармен залалданған болып шықты. Оның ішінде стафиллококк және ішек таяқшалары да бар. Косметиканы тұтынушылар осы бактерияларды тұрақты түрде бетіне жағады екен. Бұл туралы bbc.com хабарлап отыр.

Алматы. NEGE. Бирмингемдегі Астон университетінің дәрігерлері бірнеше жүз косметика құрамына талдау жасап, осындай ұйғарымға келіпті. Зерттеу авторларының анықтауынша, косметика қолданатындардың дені қылқаламдар мен спонждарды ешқашан жумайды екен. Өнімдердің қолдану мерзімі туралы ақпараттарды мүлде ескермейді. Соның кесірінен косметикалық заттарда миллиондаған бактериялар жиналады. Олар көп ауруға шалдықтырады. Әсіресе, көз, ауыз және тері ауырларына, тіпті қанның бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін. Әсіресе, иммунитеті әлсіз адамдар үшін қатер көп.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты