Қосымша вакцина кімдерге салынуы мүмкін?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцина бойынша сарапшылары иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға COVID-19-ға қарсы қосымша екпе салуға кеңес берді.

Алматы, NEGE. «Иммундау бойынша стратегиялық консультативті мамандар тобы иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға COVID-19-ға қарсы қосымша екпе салуға кеңес береді. Бұл адамдарға вакцинаның екі дозасы аздық етуі мүмкін және COVID-19-дың ауыр сырқатын жұқтыру қауіпі жоғары» делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қосымша, үшінші дозаны 60 жастан асқан және қытайлық Sinovac және Sinopharm вакцинасын алғандарға салу керектігін айтады. Мамандар қосымша вакцинаны жалпыға бірдей салуға кеңес бермейтінін де қосып өтті. 

Бұған дейін Дәрілік препараттар бойынша еуропалық агенттік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға Comirnaty  (BioNTech / Pfizer) және Spikevax (бұрынғы атауы Moderna) вакциналарының қосымша дозасын салуға кеңес берген болатын.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады