Көшпенділер ойынының құрметті қонақтарын күтіп алу рәсімі басталды

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында елордаға келген құрметті қонақтар мен ресми тұлғаларды салтанатты түрде қарсы алды 

worldnomadgames.kz

Алматы, NEGE. Делегацияның ресми тұлғаларының құрамында Абу-Даби спорт кеңесі әкімшілік секторының атқарушы директоры Ахмад әл-Кубайси, ЮНВТО Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Карен Гилоян, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бар.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Бұл ойындар - әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін біріктіретін маңызды оқиға болмақ.