Көшпенділер ойындарында садақ атудан жүлде алған спортшыларға пәтер, көлік және сыйақы табысталды

 Бұл туралы Ұлттық ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

instagram.com/ulttyqatsport.kz

Алматы, NEGE. Федерация алтын медаль иегері Жәнібек Құлмырзаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегері Ербол Тапеновке су жаңа автокөлік кілті, ал қола медаль үшін Қанат Қасымханға 500 000 теңгенің сертификаты, команданың аға жаттықтырушы Диас Берікұлына 1 000 000 тг сертификаты табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр