Көшпенділер ойындарында қазақ-қырғыз көкпаршылары төбелесіп қалды (видео)

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында көкпардан финалда кездескен қазақ пен қырғыз көкпаршылары төбелесіп қалды. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Бірінші кезеңнің аяқталуына 6 минуттай уақыт қалғанда серкеге талас кезінде көкпаршылар қақтығысып қалған. Нақтырақ айтқанда, еліміздің көкпаршысы қарсылас қырғыз командасының көкпаршысын қамшымен ұрған. Оларды ажыратуға тәртіп сақшылары араласты. 

Ойын мән-жайды анықтау үшін уақытша тоқтатылды. Араға жарты сағат сала ойын қайта жалғасты.

Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды