7 августа 2024 г. 10:34

Көшке ерген Мирзиёев та билікті құшақтап өлетіндерден болса керек

Фото: NEGE

Сонымен, Nege.kz ақпараттық-порталының «Президенттер портреті» айдарымен басталған мақалалар көші жалғасып жатыр. Бұл жолғы таңдау Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевқа түскен екен.

Өзбектің осы күнгі билеушісінің болмыс-бітімі мен белсенділігі, таққұмарлығы мен табандылығы бүге-шігесіне дейін келтіріліпті. Әңгіме арасында қыздары мен туыстарын жарылқап жатқаны, билікті оң жамбасына келтіріп алғаны айтылады. Тіпті Шавкат Мирзиёев мықты жердің қызын алып пұшпаққа шыққаны да рас сияқты. Материалда Өзбекстанның қазіргі президентінің жақсы жақтары да, әттеген-ай дейтін тұстары да мейлінше ашыла түсіпті. Оны мақтамаған да, даттамаған да.