Көшелерге дәрігерлердің потреттері ілінді
Ақмола облысында медицина мамандарына құрмет ретінде көшелерге дәрігерлердің потреттері ілінді. «Дәрігерлерге мың алғыс» деп аталатын мұндай билбордтарға 300-ге жуық қызметкердің фотосуреті қойылған.
Алматы, NEGE. Яғни облыс көлемінде осындай 100 шақты құрмет тақтасы бар. Олар коронавирус инфекциясымен күресуге тікелей атсалысқан мамандар. Айта кетейік, қауіпті вирус шарықтау шегіне жеткен кезде аймақта жүздеген дәрігер осы ауруға шалдығып, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі қатты сезілген болатын. Сондықтан, қалғандарына да оңай соқпады. Өңірде санитарлық дәрігерлер де тапшы. Облыста ондай небәрі 40 шақты маман ғана бар.
"Осындай қиын жағдай болғанда біз тәулік бойы жұмыс істедік. Біздің штатымыз 15 кісі ғана. Соған қарамастан біз Бурабай ауданына, Целиноград ауданына кісілерді жібердік командировкаларға. Көкшетауда стационарларда күнде 20-30 кісідей түскен жағдай болды. Медициналық бір сменада 2-3 дәрігер ғана болды. осыған байланысты біздің дәрігерлермен үлкен жұмыс атқарылды" дейді бас дәрігер.