Көшеде маскамен жүру міндеттелмек

Коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты 31 желтоқсаннан бастап Париж көшелерінде маска кию қайтадан міндетті болады, бұл туралы қала полициясы сәрсенбіде мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «31 желтоқсаннан бастап Булон орманы мен Венсен қорығынан басқа Париждің қоғамдық орындарында бетперде кию міндетті болады», – делінген хабарламада.

Масканы жабық орындарда да, көшелерде де кию міндеттеледі.

Бұл міндеттеме жеке көлікпен жүретіндерді, велосипедшілерді және спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, 11 жастан асқан адамдарға қолданылады.

Бұзушылық үшін 135 еуро айыппұл салынады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Францияда сәрсенбіде 200 мыңнан астам адам жаңа COVID-19 жұқтырғанын айтты, бұл - рекорд. Ол сондай-ақ жақын арада Францияда омикрон штамы басым болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр