Көше ортасында BMW көлігіне оқ жаудырғандар іздестіріліп жатыр

Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне нұсқаулық жолданды.

Алматы, NEGE. Бүгін түстен кейін Қарағандыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгісіз біреулер тұрғын үй кешені ауласына кірген BMW көлігіне оқ жаудырды.

Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

9 маусымда белгісіз біреу өзара сөзге келіп, туындаған арадағы жанжал кезінде көліктегі қарсы тарапқа белгісіз қарудан оқ атқан. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиғаға қатыстылардың жеке басы және оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне нұсқаулық жолданды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр