3 октября 2025 г. 23:00

Қошанов: Қоғамдық палата Парламентті реформалау жөніндегі пікірталасқа қосылуы тиіс

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады.

Алматы, NEGE. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты.

Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтылған реформалар мен бастамаларды іске асыру аясындағы заң шығару жұмысына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Мәжіліс спикері бүгінде еліміздегібасты ұлттық басымдықтың бірі – цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу екендігін, бұл мәселелерді Президенттің өзі жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Мәжіліс төрағасы жақында ғана депутаттар жасанды интеллект туралы заңды қабылдап, Парламенттік тыңдалым өткізгенін, ал қазір Цифрлық кодекс бойынша белсенді жұмыс жүріпжатқанын еске салды. Цифрлық саладағы барлық реттеу тетіктері бір құжатта қамтылады. Сондықтан Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның алғашқы отырысының бірін дәл осы мәселеге арнауды ұсынды.

Мәжіліс спикері бір палаталы Парламентке көшу бастамасын да маңызды міндет ретінде атап өтті.

– Мемлекет басшысы алдағы парламенттік реформаны жан-жақты талқылауды тапсырғанын білесіздер. Қоғамдық палата аясында ресми пікірталасты бастаудыұсынамын. Бұл процестің ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық палата жалпыұлттық пікірталасқа ұйтқы болып, осыбастаманы қолдауға тиіс, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қоғамдық палатаның ережесінде қоғамдық тыңдалымдарформаты бар екенін еске салып, бұл жиындарды жұртшылықтың, мәслихаттар депутаттарының, өңірлердегі Қоғамдық кеңесмүшелерінің және сарапшылардың қатысуымен өткізуді ұсынды.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының бизнес саласындағы қолданыстағы заңнаманытүгел тексеріп, зерделеу туралы тапсырмасынаҚоғамдық палата мүшелерінің назарын аударып, еліміздегі демографиялық үрдістерді тереңірек зерттеуді ұсынды. Бұл ретте осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде кәсіпкерлерге арналған заңнамалық базаны жақсартатын нақты ұсыныстар жасалуы қажет екенін атап өтті.

Палата жұмысының нәтижелеріне тоқталған Мәжіліс спикері бүгінде Қоғамдық палатакешенді әрі жүйелі жұмыс атқарып жатқанынайтты. Мұнда Мәжіліс қабылдайтын заңдар талқыланып қана қоймай, сонымен қатар олардың жұмыс нәтижелері тәжірибеде тиімді талданады. Ерлан Қошанов кейбір заңдардың іс жүзінде жұмыс істеп, ал кейбіреуі неге қағаз жүзінде қалып қоятынын зерделеуді келесі мәселе ретінде атап өтті. Спикер электр самокатқа қатысты заңды және кальянға тыйым салуды мысалға келтірді.

– Парадокс деуге болады. Заң бар, бірақ орындалмайды. Ол тек құқықтық емес, әлеуметтік мәселеге де айналып отыр. Тыйымдардың еш еленбейтінін көргенде, жұрттың құқықтық нормаларға деген сенімі азаяды. Сондықтан Қоғамдық палата заңдағы жұмыс істемейтін нормаларды талдаумен айналысқаны орынды болады деп санаймын. Бұл заңнаманың әлсіз тұстарын дер кезінде анықтап, оларды жою шараларын ұсынуға мүмкіндік береді, – деді Мәжіліс төрағасы.

Талқылау барысында Қоғамдық палата мүшелері де түйткілді тақырыптарды қозғады. Атап айтқанда, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев жергілікті өзін-өзі басқару туралы жеке заң қабылдау, облыс және аудан әкімдерінің ықпалының шегін айқындау, саяси партияларды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдай қалыптастыру мәселелерін көтерді.

Аналитик Наталья Малярчук заң шығару процесінде жүйеліліктің жоқтығын, Мәжіліске түсетін заң жобаларының басым бөлігі жеткілікті деңгейде пысықталмайтынын айтты. Оныңпікірінше, бұл жағдай құжаттармен жұмыс жүргізуді қиындатып, сапасына әсер етеді.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев қолданыстағы заңнамаға түзетулер жиі енгізілуіне қатысты пікір білдіріп, нормативтікқұқықтық актілерді бастамашылық ету және қабылдау кезеңдерінде барынша мұқият әрі ашық талқылауды ұсынды.

Қоғамдық палата мүшелері Светлана Романовская, Әміржан Қосанов, Марат Шибұтов, Зәуреш Батталова, Алтынай Көбеева, Гүлмира Байғабылова, Ерлан Смайылов, Бөріхан Нұрмұхамедов, Александр Данилов, Айбек Күмісбеков те ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжіліс спикері барлық идея мен ұсыныс Палатаның алдағы жұмысында ескерілетінін айтты.