Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов қараусыз қалған жануарларды күтіп ұстауға бөлінген миллиардтаған қаржы қайда кеткенін сұрап, мәселе көтерді.

Мәжіліс

Астана, NEGE. Бүгін Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қабылданды.

Заңға енгізілетін өзгерістерді таныстырған депутат Еділ Жаңбыршин қаңғыған жануарлар санын реттеудің қазіргі гуммандық жүйесі күтілген нәтиже бермегенін айтты. Оның айтуынша, 2022 жылы 190 мың бұралқы ит ұсталса, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 276 мыңға жеткен.

Бұл ретте Мәжіліс төрағасы Қошанов бұл жағдай қолданыстағы заңның олқылығынан болып отыр дегенмен келіспейтінін, бар мәселе жауапты органдардың қалай жұмыс істегенінде екенін атап өтті.

«Заң қабылданғаны дұрыс болды, бірақ соның орындалуы, әсіресе, жергілікті жерлерде және тиісті құзыретті органдар қалай жұмыс істеді соған да байланысты болды. Жергілікті бюджеттен де, орталықтан да стерилизацияға, вакцинацияға, тіркеуге, кастрацияға қаншама миллиардтаған қаржы бөлінді. Сол қаржы қайда кетті? Бұған мониторинг жүргізу өте қиын. Вакцинация жасалған, жасалмағанын ит келіп айта алмайды ғой», – деді Қошанов.

Айта кетейік, жаңа нормаларда жануарлар санын реттеу үшін эвтаназия рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған. Жануарлар санын реттеу шараларымен қатар, жаңа түзетулерде иттердің иелеріне қойылатын талаптар да қатаңдай түскен.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған