Қос спортшымыз Олимпиада лицензиясын алды

Таеквондошы Руслан Жапаров Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы,  NEGE.  Бұл күндері Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Руслан Жапаров финалға жолдама алды.

Жартылай финалда ол WT атынан шыққан спортшы Амири Али Акбарды 31:20 есебімен ұтты. Олимпиадаға іріктеу жарысының ережесі бойынша құрлықтық додада финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада жолдамасына иелік етеді.

Жарыс ережесіне сай, Руслан Жапаров Қазақстан қоржынына кезекті жолдаманы салды.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан таеквондо құрамасының екінші жолдамасы. Осыған дейін әйелдер арасында Жансель Дениз жолдама жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?