Қос университет археология саласында байланыс орнатады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің делегациясы Манас атындағы қырғыз-түрік университетіне іс-сапары барысында «Саймалы-тас» ашық музейімен танысып, ортақ ғылыми жұмыстар жүргізуге келісті.

Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Бішкек қаласында өткен маңызды жиыннан соң оқу орнымыздың делегациясы мен Манас университетінің ұжымы Ыстықкөлге барып, тарихи-мәдени байланыс орнатуға тағы бір қадам жасады.

«Ақбермет» саяжайында қос тарап археология саласы және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.Әсіресе, «Саймалы-тас» ашық музейіне экскурсия барысында көне заманнан қалған тарихи жәдігерлерді зерттеудің маңызы жоғары екені айтылды.

Екі университеттің Сенат кеңесі құрамындағы археологтар, тарихшылар және теологтар ашық музейдегі петроглифтерді мұқият зерделеп, ортақ ғылыми жобалар жасауға уағдаласты.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті