Қос азаматтығы бар шетелдіктер елден шығарылды

Ресейлік үш жолаушы қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл арқалап, елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Мәскеу – Қарағанды әуе рейсі ұшып келгеннен кейін қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған үш жолаушыны анықтап, ұстады. Олар Ресей Федерациясының 23, 40 және 48 жастағы азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, материалды Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл және бес жыл ішінде Қазақстан Республикасына кіруге шектеу қою арқылы елден тысқары шығарып жіберу түріндегі түрлі әкімшілік жазаларға тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3629 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 1077-сі сот шешімі бойынша елден шығарылды.

Сонымен қатар қос азаматтығы бар 412 тұлға анықталып, олар бойынша да тиісті шаралар қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?