Қоржында үш жолдама

«Қазақстан тас жолдағы веложарыстан 2020 жылғы Токио олимпиадасына үш жолдама ұтып алды», деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша еліміздің велоспортшылары 19-орынға табан тіреді. Бұл нәтиже кешенді сынға үш спортшы апаруға мүмкіндік береді. Халықаралық велоспорт одағы Қазақстан құрамасына олимпиаданың үш жолдамасы бұйырғанын ресми бекітті. Енді Жапония астанасындағы ойындарға кімдердің баратынын жаттықтырушылар штабы анықтайды. Токиода әлемнің 197 велоспортшысы сайысқа түсетін болады. Жалпы, Жапонияда өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін әзірге қазақстандық спортшылардың еншісінде олимпиаданың 28 лицензиясы бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр