Короновирустің қазіргіден де жылдам жұғатын жаңа түрі тарала бастады

Ф

илиппинде коронавирустың мутациялаған штаммы табылды. Ол инфекцияның бастапқы нұсқасына қарағанда тез жұғады деген болжам бар, - деп хабарлайды Inquirer.net.

Алматы, NEGE. Филиппиндегі геномды зерттеу орталығындағылар Кесон-Сити қаласында коронавирус жұқтырғандар арасында G614 жаңа штаммы анықталғанын мәлімдеді.

Мутация маусым айында байқалған. Сол айда алғаш рет ол Малайзияда ауырғандардан табылған.

Сондай-ақ дәрігерлер G614 вирусын тасымалдаушылардың жұқтыру қаупі жоғары деген расталмай отырғанын айтты. Олар вирустың мутациясы клиникалық көрсеткішке әсер етпейтінін жеткізді.

"Мутация клиникалық көрсеткіштерге әсер етпейтін секілді", - дейді ғалымдар. 

Аурудың бұл түрінен қайтыс болғандардың саны артпаған, ал симптомдары кәдімгі вируспен бірдей.

Алайда ғалымдардың айтуынша, штамды зерттеу арқылы коронавирус эпидемиясын жақсы түсінуге және оған қарсы шараларды қабылдауға көмектеседі.

Worldometer деректері бойынша, Филиппинде 164 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған және 2 681 науқас қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған