Коронавирустың неден жұққаны анықталды
Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді.
Алматы, NEGE. 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген қауіпті вирус соңғы 17 жылда жүздеген адамның өмірін жалмаған. Бұрын SARS-CoV және MERS-CoV деп аталған вирусқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV деген жаңа ат берді.
SARS және MERS вирусымен ауырғандар мұны жануардан жұқтырған. Жануардың ағзасындағы вирус генетикалық мутацияға ұшырап, адамға жұққан. Ғалымдардың айтуынша, SARS және MERS вирусының алғашқы тасушысы жарқанат болса, одан кейін түйеден және цивет деп аталатын мысықтұқымдас жыртқыштан жұққан.
Енді ғалымдар осының бәрін тексере келе жарқанаттан табылған 2019-nCoV коронавирусын адам баласына жыланнан жұққанын айтады. Зерттеу нәтижесі вирустың эпицентрі ретінде танылған Ухан қаласының көтерме базарындағы сатылған өнімдердің арасынан таралғанын растайды. Айта кету керек, Хубэй провинциясындағы шамамен 7,5 млн адам тұратын Хуанған қаласы мен миллион тұрғыны бар Эчжоу қаласы да оқшауланды.
Адам өліміне әкелген вирус улы шұбар ала жылан (крайт) және кобрадан тараған дейді ғалымдар. Жыланның осы түрі Ухан базарында сатылған екен. Бұл вирус ауамен тарайды. Әуелі жоғары тыныс алу мүшелеріне жабысқан дерт асқазанға түседі. Бұл SARS және MERS вирусына қарағанда суық тиюдің асқынған түрі ретінде өкпені қабындырады. Жөтел күшейеді.
Қазір вирус Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және Таиландта тіркеліп үлгерді. Қытай Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясы вирусты асқындырмаудың жолын іздеуге көшті. Ресми Пекин жаңа жылды тойлаудан бас тартты.