Коронавирустың мутацияланған түрі Грузияда анықталды

Коронавирустың жаңа "ұлыбританиялық" штамы Грузияда анықталды. Алайда оны жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады, - деп хабарлайды "Грузия Online".

Алматы, NEGE. Ауруларды бақылау орталығы басшысының орынбасары Паата Имнадзе үш үлгі жаңа штамм бойынша зерттелген, екеуінің нәтижесі теріс, ал біреуінде жаңа штамм анықталған. Науқас - 50 жастан асқан адам, бүгінде оның жағдайы жақсы және оқшауланып жатыр.  

Имнадзенің сөзінше, оның биологиялық байланысы да зерттеліп жатыр. Паата Имнадзе жаңа штам жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады, алайда ол қай елде болғанын нақтыламаған. Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың жаңа штамын жұқтырған адам айығып шыққан. 

Маман жаңа штамм коронавирустан аурудың өту кезеңі мен өлім деңгейі бойынша ешқандай айырмашылығы жоғын айтады. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы біздің елде тіркелмегенін мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?