13 марта 2020 г. 12:46

Коронавирустың кесірі әлемдік шоу-бизнес пен кино саласына тиді

Фото:

Әлемдік індетке айналған коронавирустың кесірі шоу-бизнес пен киносаласына да кері әсерін тигізді.

Алматы, NEGE. Коронавирус сән әлеміне де тұсау болды. Әйгілі «Giorgio Armani» бренді кезекті коллекциясын көрерменсіз, онлайн трансляция арқылы таныстырса, «Gucci» 18-мамыр өтетін Сан-Францискодағы көрсетілімнен бас тартты. Одан бөлек, қалтасынан қағылғандар қатарында кино әлемінің өкілдері де жетерлік. Көрермендер тағатсыздана күтіп жүрген Джеймс Бонд туралы фильмнің премьерасы жаз маусымына ауыстырылды. «Форсаж 9» кинокартинасы болса, бір жылға шегерілді. Енді премьера 2021 жылдың сәуір айында үлкен экранға жол тартпақ. Ал Paramount Pictures «Орындалмас миссия» лентасының түсірілім жұмыстарын кейінге қалдырды.

20 жылдық тарихы бар «Coachella» фестивалі әнсүйер қауым үшін маңызды мерекенің біріне айналған. Әдетте әлемнің кіл мықты музыканттары бас қосатын ауқымды шара сәуір айына жоспарланған еді. Бірақ, қауіпті індет үшін фестиваль қазан айына ауыстырылды.

Тегтер: