Коронавирустың екінші толқыны қашан?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың екінші толқыны мамырда басталғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 124-ке жеткенін айтқан еді.