Коронавирустың бірнеше жаңа түрі пайда болды
Коронавирустың тағы да бірнеше түрі анықталды.
Алматы, NEGE. Эквадор ғалымдары елден коронавирустың жаңа түрлерін тапты. Олардың бірі елдегі коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне әсер етуі мүмкін. Дегенмен Экватордан табылған мутациялардың Ұлыбританияда шыққан жаңа штаммен ешқандай байланысы жоқ, деп хабарлады Эспириту Санто университеті. «SARS-CoV-2-нің жаңа түрі анықталды және оның инфекциясының тез таралуына әсер етуі мүмкін деген күдік бар. Зерттелген вирустардың бірде-бір тізбегі Англиядағы вирустың генетикалық вариациясын көрсетпейді», - деп атап өтті ғалымдар. Сондай-ақ коронавирустың тағы екі түрі анықталды, олар шілде мен қараша аралығында пайда болған.