Коронавирустың белгілерін анықтауға қабілетті маска шықты

Сингапур ғалымдары коронавирустық инфекцияның белгілерін анықтайтын маска ойлап тапты, деп хабарлады The Straits Times.

Алматы, NEGE.  Онда адамның пульсі, дене қызуы, қысым және оттегі деңгейі сияқты маңызды белгілер туралы ақпарат жинайтын датчиктер орнатылған. Әр жарты сағат сайын датчиктер адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді.

Ол арқылы дәрігерлер науқастың жағдайын бақылай алады. Датчиктерді қорғаныс құралдарымен бірге жууға, тіпті бір маскадан екіншісіне ауыстыруға болатындығы атап өтілген. Қазіргі уақытта аталған масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ ол көптеп өндірілсе, 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты