Коронавирустың балаларға жұқпайтыны рас па?

Ақпан айының басында Қытайда бір нәресте коронавирус диагнозымен өмірге келді.  Бұл осындай сырқатқа ұшыраған ең кішкентай пациент. Жалпы, қауіпті індет 1 мыңнан астам адамның өмірін қиып,  40 мыңнан астам адамға таралып үлгерді. Алайда науқастардың арасында балалар жоқтың қасы. Індетке туабітті шалдыққан сәби – әзірге жалғыз.

Алматы, NEGE. Көз жұмғандардың көпшілігі – Қытай тұрғындары. Бірақ аса қауіпті індет әлемнің 30-дан астам елінде бой көрсетті. Жақында (American Medical Association) медициналық журналында аурудың негізінен 40 пен 59 жас аралығындағы адамдарға жұққаны айтылған. «Ал балалар арасында өте сирек кездеседі, тіпті жоқтың қасы», - делінген зерттеуде. Неге бұлай? Коронавирустың балаларға жұқпайтыны рас па?

Бұл құбылыстың ықтимал болжамдары бұрыннан бар, бірақ сарапшылар «бұл ауру неге балаларда тым сирек кездеседі?» деген сұраққа әлі нақты жауап таба алмай келеді.

«Бізге әлі түсініксіз себептер бойынша балалар бұл инфекцияны қабылдамайды немесе ауру жеңіл түрде жүреді», - дейді Рединг университетінің вирусология профессоры Ян Джонс. Профессордың сөзінше, балалардың ауруды неғұрлым жеңіл түрде қабылдауы сырқаттың сырын жасырын ұстауы да мүмкін, мұндай жағдайларда ата-аналар, әдетте, балаларын дәрігерге апармайды.

Лондон университетінің оқытушысы Натали МакДермотт бұл нұсқамен келіседі.

«Бес жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің иммундық жүйелері, әдетте, вирустармен күресуге өте белсенді болады» дейді Натали МакДермотт.

2003 жылы SARS вирусы кезінде де осындай жағдай байқалыпты. Ол індеттен 800 адам, жалпы, вирус жұқтырғандардың 10 пайызы көз жұмған. Бірақ балалар зардап шекпеген.

 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады