Коронавирусты жұқтырғандардың саны 4121-ге жетті
Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңа 72 жағдайы тіркелді, деп хабарлады мемкомиссияның шұғыл штабы
.
Алматы, NEGE. «Коронавирусты инфекцияны жұқтырудың тағы 72 жаңа дерегі тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 17, Алматыда – 17, Шымкентте – екі, Атырау облысында – тоғыз, Батыс Қазақстан облысында – төрт, Қызылорда облысында – екі, Маңғыстау облысында – 10, Түркістан облысында – 11», - делінген 5 мамыр сағат 10.00-де таратылған Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Шұғыл штаб ақпарынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың барлығы 4121 жағдайы тіркеліп отыр.