Коронавирусты жұқтырғандар саны 1331-ге жетті
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 1331-ге жетті, деп хабарлады ҚазТАГ мемкомиссияның жедел штабына
сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Елімізде коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 1331-ге жетті», - делінген 16 сәуір сағат 10.10-да таратылған Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Жедел штаб ақпарынша, коронавирусты инфекцияны жұқтырудың жаңа 36 жағдайы тіркелді. Соның ішінде Нұр-Сұлтанда (бес), Алматыда (13), Шымкентте (үш), Қызылордада (төрт), Павлодарда (екі), Маңғыстауда (бір), Батыс Қазақстанда (бес), Ақтөбеде (бір), Қарағанды (екі) облысында.