Коронавирусты отбасына жұқтырудан қауіптенген адам өзіне қол салды

Үндістанның Анхра-Прадеш штатының 50 жастағы тұрғыны қауіпті індетке шалдықтым деп ойлаған. Сондықтан отбасына жұқтырып алудан қорыққан ол өзіне қол салған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Фермер Бала Кришна (Bala Krishna)  ұялы телефон арқылы коронавирустың таралуы мен қаупі жайлы ақпараттарды үзбей оқып жүрген. Бір күні салқын тигізіп, тұмауратып қалады. Арада бірнеше күн өткен соң, ауруханаға барып, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын сараптамадан өтеді. Алғашқыда дәрігерлер оған қауіпті індеттің белгілері байқалғанын айтып, қорытындыны күтуді ескерткен. Кейін коронавирустан аман екенін айтады.

«Бірақ Бала Кришна бұған сенбеген. Жалпы, Үндістан бойынша қауіпті індет жұқтырудың үш оқиғасы тіркелген еді. Дегенмен олардың барлығы да Анхра-Прадеш штатынан тыс аймақта болған. Өкінішке қарай, Бала Кришна мұны білмеген, не білсе де, сырқатпын деген ойдан арыла алмаған», дейді Daily Mail.

9 ақпан күні ол бала-шағасына «маған жоламаңдар» деп ескертеді. Іздеп келгендерін тас атып, қуады. 11 ақпан күні оның мәйіті анасы жерленген бейіттің жанынан табылған.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді