Коронавирусты өлтіретін маска жасалды

Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады. Бұл туралы La Razon жазды.

Алматы, NEGE. Ол бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар инновациялық матаның арқасында жасалған.

Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша олардың 99 пайызы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқан.

Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады. Франциялық Пастер институтында жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде оны кем дегенде 50 рет жууға болатыны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді