Коронавирусты қалай жеңеміз?
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров коронавирусты жеңуге септігін тигізетін 3 негізгі факторды атады.
Алматы, NEGE. «Біздің ойымызша, осы формула коронавируспен тиімді күресуге септігін тигізеді. Біріншіден, кәсіпкерлер мен халықтың ортақ жауапкершілігі. Екіншіден, сақтық шараларын мүлтіксіз орындау. Үшіншіден, барлық деңгейде сапалы медициналық көмек көрсету. Осы қағидаларды орындай отырып, біз инфекциямен тиімді күресе аламыз. Бизнес пен халық еркіндік береміз. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды», – дейді Қамалжан Надыров.