Коронавирусты анықтайтын тест шығаратын зауыт салынуы мүмкін

Бұл туралы Сеулде жиында белгілі болды. Екі ел арасында тағы қандай инвестициялық жобалар қолға алынбақ?

Алматы, NEGE. Онлайн-кездесуде 30 кореялық компанияға Қазақстандағы 5 инвестициялық жоба ұсынылды. Соның бірі – коронавирус пен антиденелерді анықтауға арналған тест жүйелерін шығаратын зауыт салу. Нысанды салу Алматы қаласында жоспарланған. Өнім Қазақстанда және ТМД елдерінде сатылады. Сондай-ақ шприцтер өндіретін ірі кореялық компаниямен Қазақстанда бірлескен кәсіпорын ашу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр.

Инвестиция тарту бойынша ұлттық компанияның жоба менеджері Алмат Жұмабаев: "Қазақстанның фармацевтика саласына инвестиция салуды көздейтін шетелдік фармацевтикалық компанияларға салықтан және кедендік төлемдерден босату сынды жеңілдіктер жасалады. Инвестициялық алаңдар да қарастырылған. Өздеріңіз білетіндей, елімізде 13 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар", – деді.

Бұл компанияның өнімі Қазақстанда сатылады. Ол анестезияға арналған крем. Кәсіпорын сонымен қатар ауырсынуды басатын есірткісіз дәрі шығаруға дайындалып жатыр. Фармацевтикалық компанияның менеджері Пак Хён У: "Қазақстанмен ынтымақтастықты орнату үшін өнімдеріміздің қазақстандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін анықтап, оны сата алатын серіктес табуымыз керек. Егер болашақта жаңа өнімге сұраныс болса, біз технологиялармен алмасу және өндіріс базасын құру саласындағы ынтымақтастықты қарастырамыз", – деді

. Онлайн-семинардың мақсаты – отандық фармацевтикалық компаниялар өндірісінің қазақстандық нарықтағы үлесін 50 процентке дейін арттыру. Қазір бұл көрсеткіш үш есе аз.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін