Коронавирусты адамдарға қасақана жұқтыру тіркелген жоқ

Елімізде КВИ адамдарға әдейі жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.

Алматы,NEGE. «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын асақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚазАқпарат сауалына жауап ретінде. Министрліктің мәліметінше, елдегі карантин шараларын қамтамасыз ету үшін 10 053 Полиция қызметкері жұмылдырылған. Соңығы мәліметке сәйкес, елде коронавирусқа қатысты 99 442 жағдай, COVID-19 белгісіне ұқсас 13 280 пневмония анықталды. Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин режимін сақтамаған тұрғындар мен кәсіпкерлердің қалай жазаланатыны туралы айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады