Көз жұмғандар саны 563 адамға жетті

Осы уақытқа дейін дәрігерлер аурудың расталған 28 018 жағдайын тіркеді, 1153 адам емдел аты жаман вирустан айығып шықты, 26 302 адам карантинде жатыр, 563 адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Жұқтырғандармен тығыз байланыста болған тағы да 282 813 адам анықталды, 186 354 адам тұрақты медициналық бақылауда.

Қытайдан тыс, өзге 25 елде жаңадан ауру жұқтырған адамдар анықталды. Жапонияда - 45 адам, Сингапурде - 28, Таиландта - 25, Оңтүстік Кореяда - 23, Австралияда - 14, Германия мен Малайзияда - 12, Тайваньда - 11, Вьетнам - 10, Франция, Канада және АҚШ-та әрқайсысы - 5, Италия, Ресей, Ұлыбритания және Филиппин - 2, Камбоджа, Непал, Бельгия, Испания, Финляндия, Швеция және Шри-Ланкада әрқайсысы - 1.

Уханнан Қазақстанға эвакуацияланған бес белорус азаматы карантинге жатқызылған. Олардың карантині 16 ақпанда аяқталады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV респираторлық вирусының эпидемиясымен күресу үшін серпінді терапияның пайда болғаны жөніндегі барлық хабарламаларды жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды