Коронавирустен емделіп жатқан 505 адамның жағдайы ауыр
11 қарашадағы мәлімет бойынша, 37 594 адам коронавирус инфекциясынан (–32 411+ және 5 183 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Олардың ішінде 6 879 пациент стационарда, 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: • 505 адамның жағдайы ауыр, • 136 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.