Коронавирустан көз жұмғандардың саны мыңға жақындады
Қытайда коронавирустан өлгендердің саны 908 адамға жетті. Ал вирус жұқтырғандар 40 мыңнан асты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Алматы, NEGE. Қытайдың денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті былай деп хабарлады: «9 ақпан күнгі түндегі жағдай бойынша 31 провинциядан жиналған ақпарат бойынша 40171 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Дәл қазір бұл дертпен 35 982 адам ауырып жатыр. 6 484 адамның жағдайы тым ауыр. 3 281 адам ауруханадан шықты. Өлген адамдар саны – 908».
Бұдан бөлек, Гонконгта 36 адам, Макаода 10 адам, Тайванда 18 адам дерт жұқтырған.