Коронавирустан қаза тапқандарды еске алу флешмобын кім ұйымдастырғаны белгілі болды

Шымкент дәрігерлерінің коронавирустан қаза тапқандарды еске алу флешмобын Медицина қызметкерлері қауымдастығы ұйымдастырған.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты

«Денсаулық сақтау министрлігі індет құрбандарын еске алуға арналған мұндай флешмобқа бастамашы болған емес. Дәрігерлердің флешмобқа шығуы туралы бастама Медицина қызметкерлері қауымдастығы тарапынан орын алған. Денсаулық сақтау министрлігі ретіндегі біздің міндетіміз - санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Біз адамдар арасында қандай әлеуметтік арақашықтық болуы керектігін, маска тағу режимінің сақталуы керектігін еске салдық», - вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Сонымен қатар ол аталған флешмобқа бастама жасаған адамдарды жазалау қарастырылып отырмағандығын жеткізді. «Меніңше, бұл жерде жаза тағайындау туралы мәселе болмауы керек», - деді Людмила Бюрабекова.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде - бүкіл елімізде коронавирус індетінен қаза тапқандарды Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Осы күні Шымкент дәрігерлері көше бойында флешмоб өткізген еді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған