Коронавирустан қайтыс болғандардың саны артты

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 259-ға жетті.

Алматы, NEGE. Қауіпті дертке шалдыққандардың қатары 12 мыңға жуықтады. 18 мыңдай тұрғын вирусты жұқтырған деген күдікпен тіркеуге алынып, ауруға шалдыққандармен тығыз байланыста болған 118 мың адамға бақылау қойылды. Індеттен көз жұмғандар мен жұқтырғандардың көбі - Ухань қаласы орналасқан Хубей провинциясының тұрғындары. Осымен бірге Чжэ-цзян, Гуандун және Хэнань провинцияларында індетке шалдыққандардың саны артып, жағдай күрделене түсті. Ал вирус көп тарала қоймаған аймақтарда алаңдаушылық күшейген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті