Коронавирустан қайтыс болғандар қайда жерленеді?

Коронавирустан қайтыс болған адамдар кез келген зиратта жерлене береді. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы Жанат Жамалбекова айтты.

Алматы, NEGE. «Адамның коронавирустан қайтыс болғаны зертханалық зерттеулер арқылы анықталған болса, онда мүрдені туыстарына жерлеуге бермейміз. Мүрдені патологиялық-анатомиялық сою жұмыстары жүргізілмейді. Мүрдеханадан тікелей зират басына апарып жерлеуге береміз. Осындай талап бар. Бұл ретте мүрдені жерлеу үшін басқа зират қажет емес. Қазіргі қала ішіндегі немесе ауыл шетіндегі зираттарға жерлей беруге болады», - деді ол.

Дегенмен, оның айтуынша, жерлеу рәсімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, биологиялық қауіпсіздік мәселелері сақталуы тиіс. «Жаназаға тек жақын туған-туыстарының болғаны дұрыс. Олар жаназа кезінде 1-2 метр ара қашықтық сақтап, медициналық маска таққандары жөн. Мәйітті де тек мүрдеханада ғана жуындыру керек. Жерлеу рәсіміне қатысатын адамдар вирустан қорғайтын қорғаныс құралдарын қолдануы қажет», - деді Жанат Жамалбекова. Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде 10 науқас коронавирус індетінен көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты