Коронавирустан қайтыс болғандар 968 адамға жетті

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке, 968 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Бұл пандемия басталған уақыт ішіндегі абсолютті максимум.

Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша жаңа тәуліктік рекорд орнаған. Төрт күн қатарынан бір тәулікте қайтыс болғандар саны 900 адамнан асып отыр.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Ресейдің 85 өңірінде 29 362 адам коронавирус жұқтырған. 8,9 процентінде клиникалық ауру белгілері байқалмаған. 21049 науқас толықтай айығып шыққан.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеуде (6001), Санкт-Петербургте (2717) және Мәскеу облысында (1689). Ең азы – Магадан облысында (21), Ненец автономды округінде (16) және Чукотск автономдық округінде (15).

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды