Коронавирустан емделіп жатқан балалар саны 400-ден асты
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Алматы, NEGE. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр, 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 192 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.