Коронавирустан емделіп жатқан 63 науқастың жағдайы өте ауыр

26 желтоқсандағы мәлімет бойынша 17 711 адам коронавирус инфекциясынан (15 616 КВИ+ және 2 095 КВИ-) ем алып жатыр.

Алматы, NEGE. Оның ішінде 2 759 пациент стационарда, 15 952 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

236 адамның жағдайы ауыр,

63 пациенттің жағдайы өте ауыр,

50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.