Коронавирустан емделіп жатқан 223 адамның жағдайы ауыр
7 наурыздағы мәлімет бойынша 18 854 адам короновирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде.
Алматы, NEGE. Олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: 223 адамның жағдайы ауыр; 54 пациенттің жағдайы өте ауыр; 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.