Коронавирустан 11 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 сәуірдегі ақпарат жарияланды.
Алматы, NEGE. 4 сәуірдегі мәлімет бойынша 27 516 адам коронавирус инфекциясынан (26 180 КВИ және 1 336 КВИ-) ем алып жатыр. Оның ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 398 адамның жағдайы ауыр;
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр;
64 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2 сәуірде коронавирустан 11 адам көз жұмған.