Коронавируспен күреске бөлінген қаражат тексеріліп жатыр

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифинг барысында коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны тексеріліп жатқанын айтты.

Алматы, NEGE. «Иә, шынымен COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын. Сауалдарыңызды құқық қорғау органдарына қойғандарыңыз абзал», - деді басқарма басшысы. Камалжан Надыров басқарманың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. «Бұл - қалыпты жұмыс процесі. Құқық қорғау органдары бюджет қаражатының қай мақсатта жұмсалғанын тексеріп жатыр. Ал біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты